Иранда уранды байыту тұралап қалды

АСТАНА. KAZINFORM – Иран Сыртқы істер министрі қазіргі уақытта елде уранды байыту тұралап қалғанын, өйткені барлық тиісті инфрақұрылымға шабуыл жасалғанын мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды. 

Иранда уранды байыту тұралап қалды
Фото: Pexels

– Қазір Иран жерінде уранды байыту жұмыстары жүріп жатқан жоқ. Өйткені тиісті нысандарға шабуыл жасалды, - деді Аббас Арахчи. 

Сыртқы істер министрі сондай-ақ Иранда декларацияланбаған ядролық нысандардың жоқтығын атап өтті. 

Жергілікті БАҚ-тардың хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрлігіндегі дереккөз бұл елдің Вашингтон көзқарасын өзгерткен жағдайда ғана АҚШ-пен келіссөздерге дайын болатынын мәлімдеген. 

Дереккөздің таратқан мәліметінше, Иран барлығын қанағаттандыратын ымыралы шешімге мүдделі. Тегеран санкцияларды жеңілдетудің орнына өзінің ядролық бағдарламасын барынша ашық етуге дайын. 

Айта кетейік, бұдан бұрын Иран соңғы ондаған жылдағы ең ауыр су дағдарысымен күресіп жатқанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар