Ирандағы мектепке жасалған соққыдан 40 адам қаза тапты
АСТАНА.KAZINFORM — Иранның оңтүстігіндегі Минаб қаласында қыздарға арналған бастауыш мектепке жасалған израильдік соққы салдарынан кемінде 40 адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Бұдан бөлек, шабуыл кезінде шамамен 50 адам жарақат алғаны айтылды, деп жазады Reuters.
Қаза тапқандардың арасында балалардың бар-жоғы әзірге хабарланған жоқ.
Минаб қаласында әскери база орналасқаны белгілі.
Screams of grief filled the air in Minab, Iran, after an US-Israeli attack on an elementary school martyred multiple students.
— Press TV 🔻 (@PressTV) February 28, 2026
Follow https://t.co/boCY50qfi9 pic.twitter.com/EHlAGawkQn
Америка Құрама Штаттары да, Израиль де мектепке жасалған соққыға қатысты әзірге ешқандай егжей-тегжейлі ақпарат ұсынған жоқ.
Сонымен қатар жағдайдың ушығуына байланысты Иранның Білім министрлігі бірқатар мектептің жабылғанын және оқушылардың қашықтан оқыту форматына көшірілгенін мәлімдеді.
Бұған дейін Иранда интернеттің дерлік толық өшірілгені туралы хабарланған болатын.
Айта кетелік Израиль Иранға соққы жасады.