Ирандағы наразылықтар: ел президенті диалогқа дайын екенін мәлімдеді

АСТАНА. KAZINFORM – Иран астанасында және басқа да ірі қалаларында елдің қиын экономикалық жағдайына байланысты 28 желтоқсаннан бері жаппай наразылық шаралары өтіп жатыр.

Протесты в Иране: президент страны заявил о готовности к диалогу
Фото: haqqin.az

Euronews  хабарлауынша, соңғы үш жылдағы ең ірі наразылық акциялары дүйсенбі күні риалдың тарихи минимумға дейін күрт төмендеуі және Иран Орталық банкінің төрағасы Мохаммед Реза Фарзиннің отставкаға кетуі аясында өтті. 

Наразылық акциялары Тегеранның Гранд-базары айналасындағы аудандарда өтті, онда жергілікті саудагерлер дүкендерін жаппай жауып жатыр. Оларға Исфахан, Шираз және Мешхед сияқты басқа да ірі қалаларда қолдау көрсетілді.

Наразылық білдірушілер мен полиция арасында «болмашы» қақтығыстар орын алған, құқық қорғау органдары жиналғандарды тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданды.

Ашық нарықтағы бағамдарды бақылайтын веб-сайттардың мәліметтеріне сәйкес, дүйсенбіде риал жаңа рекордтық деңгейге дейін төмендеп, бір долларға шаққанда шамамен 1,4 млн теңгеге жетті. Бұл ретте әңгіме Орталық банктің бағамына емес, қарапайым адамдар ұстанатын бағамға қатысты болып отыр. Әдетте Иранда нарық бағамы мемлекеттікінен жоғары болады.

Ирандықтар қаржы дағдарысы ушығып кетеді деп алаңдайды. Валютаның күрт құнсыздануы үй шаруашылықтарына инфляциялық қысымды күшейтіп, азық-түлік пен күнделікті тауарлар бағасының өсуіне әкеліп соқтырып отыр.

Мемлекеттік статистика орталығының мәліметінше, желтоқсандағы инфляция 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42,2%-ға дейін өсті. Жылдың соңғы айында азық-түлік бағасы 72%-ға, ал дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың бағасы 12 ай бұрынғы жағдаймен салыстырғанда 50%-ға өсті.

Anadolu ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран президенті Масуд Пезешкиан наразылық білдірушілермен диалог орнатуды бұйырды. Х әлеуметтік желісіндегі мәлімдемесінде Пезешкиан халық алдында тұрған экономикалық мәселелер оның басты екенін атап өтті.

- Мен Ішкі істер министріне наразылық білдірушілермен диалог негізінде келіссөз жүргізуді және олардың негізделген талаптарын тыңдауды тапсырдым. Үкімет бар мәселелерді шешу үшін шаралар қабылдайды, - деп атап өтті ол.

Иран президенті сондай-ақ банк жүйесін жақсарту және халықтың сатып алу қабілетін сақтау үшін қажетті қадамдар жасау ниетін мәлімдеді.

Бұған дейін фермерлер Еуропарламент ғимаратының алдында бүлік шығарғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар