Ирандағы жер сілкінісінен бес адам қайтыс болды

ТЕГЕРАН. ИРНА- ҚазАқпарат — Иранның оңтүстігінде Хормозган провинциясында жер сілкінісінен бес адам қаза тауып, 39-ы зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.

Ирандағы жер сілкінісінен бес адам қайтыс болды

6,1 баллдық жер сілкінісі Иранның оңтүстігінде Хормозган провинциясында сенбі күні түнде болды.
Бірінші дүмпуден кейін 33 афтершок болған, олардың ең қуаттысы - 6,3 магнитудалы.
Жер сілкінісінің эпицентрі Хормозгандағы Бендер-Ленг қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 61 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі 10 км.
Қазіргі уақытта жерасты дүмпуінен 5 адам қаза тауып, 39-ы зардап шеккен.
Еске салайық, бұған дейін Иранда қуаттылығы 6 балдық жер сілкінісі болғанын хабарлаған едік.


Сурет: www.independent.co.uk