Ирандық компаниялар Қазақстандағы құрылыс көрмесіне қатысады
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат Iran.ru сайтына сілтеме жасап.
Аталған құрылыс көрмесі Қазақстанда қыркүйектің 2-сі мен 5-і аралығында өткізіледі.
Хашемидің айтуынша, Қазақстан Орталық Азиядағы маңызды елдердің бірі болып табылады. Онымен қатынастарды дамытуға Иран күш-жігерін жұмылдырып отыр. Инвестиция тұрғысынан алғанда осы елдегі рынок барынша тартымды деп саналады.
Хашеми бірнеше ирандық компаниялардың Қазақстандағы жол және қала құрылыстары салаларындағы ірі жобаларды іске асырумен айналысып жатқанын атады.
Құрылыс көрмесіне қатысу ирандық компанияларға инженерлік-техникалық қызметтерді көрсету саласындағы өз мүмкіндктерін танытуға жол ашады. Тегран провинциясының құрылыс саласындағы әлеуеті өте зор.
Хашеми инженерлік-техникалық қызметтердің Қазақстанда барынша жоғары сұранысқа ие екенін және ирандық компаниялардың қызмет көрсету рыногында болуы екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге ықпал ететінін атап өтті.