Иранға қарсы операция жақын арада аяқталады, бірақ осы аптада емес — Трамп
АСТАНА. KAZINFORM — Америка президенті Дональд Трамп АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы жақын арада аяқталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Report.
Ол бұл туралы Ақ үйде журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында айтты.
— Мен олай ойламаймын. Бірақ бұл жақын арада аяқталады, — деп атап өтті американдық көшбасшы осы аптада Иранға қарсы әскери науқанның аяқталуы мүмкін деген пікірге.
Еске сала кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастады. Иранның ірі қалалары, соның ішінде Тегеран да соққыға жығылды. Сонымен бірге АҚШ Иран халқын өз үкіметіне қарсы көтеріліп, билікті басып алуға ашық түрде шақырды. Соққылардан Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи мен Ислам республикасы басшылығындағы тағы бірнеше маңызды тұлғалар қаза тапты. Иран Бахрейн, Иордания, Катар, Кувейт, БАӘ және Сауд Арабиясындағы Израиль мен АҚШ нысандарына қарсы жауап операцияларын бастады.
Бұған дейін Трамп Иранға қарсы әскери операция басталған күні оның ұзаққа созылуы да, 2–3 күнде аяқталуы да мүмкін екенін айтқан еді.