Иранмен соғыста АҚШ-тың 365 әскери қызметкері зардап шекті
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ пен Израильдің Иранға жаппай соққылары басталғаннан бері 365 американдық әскери қызметкер жарақат алды, деп хабарлайды Синьхуа.
Зардап шеккендердің 247-і құрлық әскерінің қызметшісі, 63-і әскери теңізші, 19-ы теңіз жаяу әскері және 36-ы әскери әуе күштерінің ұшқышы.
Қақтығыста қаза тапқандар саны — 13 адам. Оның 7-уі шайқаста, 6-уы Иранның Кувейтке әуе шабуылынан, ал біреуі Сауд Арабиясында жарақаттан қаза тапты. Олардың қатарына Иран күштері тарапынан атып түсірілген немесе зақымданған америкалық әскери ұшақтар экипажының мүшелері кіретін немесе кірмейтіні белгісіз.
Айта кетейік, 3 сәуір күні Иранның қарулы күштері америкалық жойғыш ұшақты атып түсіргенін мәлімдеді.
АҚШ пен Иран сол күні жоғалып кеткен америкалық ұшқышты қатар іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.