Ираннан 30-дан астам өзбекстандық эвакуацияланды

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Өзбекстан Ираннан 30-дан астам азаматын эвакуациялады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Өзбекстан ұшағы
Фото: Өзбекстанның Көлік министрлігі

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, өзбекстандықтарды Отанына қайтаруға Әзербайжан мен Түрікменстан үкіметтері көмек көрсеткен.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Тегеран мен Тель-Авивтегі Өзбекстан елшілігі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәулік бойы жұмыс істеп тұр.

Сонымен қатар Сыртқы істер министрлігі Иран мен Израильдегі өзбекстандықтарға қауіпсіз жерлерден кетпеуге және дипломаттармен байланыста болуға кеңес берді.

Еске салайық, ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, осы уақытқа дейін 70-ке жуық қазақстандық Ираннан шығарылды. Сондай-ақ, бүгінде Иранда — 132, Израильде — 219 отандасымыз бар.

Соңғы жаңалықтар