Ираннан көшіп келген қандастар солтүстік өңірге қоныстандырылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Иран Ислам Республикасынан көліп келген 53 қандасымыз Солтүстік Қазақстан облысына қоныстандырылады. Бұл туралы ҚазАқпарат Отандастар қорына сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

«Иранннан келген қандастарымызға Нұр-Сұлтан қаласының көрікті жерлеріне экскурсия өткізіліп, арнайы ас берілді. Енді Ираннан келген қандастар мемлекет ұсынатын өңірлік квота аясында Солтүстік Қазақстан облысына қоныстанады» делінген Қордың таратқан ақпаратында.

Бұған дейін 14 қыркүйекте Қазақстанға қоныс аударушылардың алғашқы легі келген еді. Барлық 13 адам (3 отбасы) Солтүстік Қазақстан облысына орналастырылды.

Аталмыш көш ҚР Сыртқы істер министрлігі, Еліміздің Ирандағы Елшілігі және Горган қаласындағы Бас консулдығы мен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және «Отандастар Қоры» КЕАҚ ұйымдастыруымен, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің қолдауымен жүзеге асырылуда.


Соңғы жаңалықтар