Ираннан Түрікменстан арқылы 13 өзбекстандық Отанына оралды

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі Ираннан Түрікменстан аумағы арқылы Отанына оралып жатқан азаматтарға шұғыл көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі.

Ираннан Түрікменстан арқылы 13 өзбекстандық Отанына оралды
Фото: Dunyo ақпарат агенттігі

Dunyo ақпарат агенттігінің мәліметінше, Өзбекстанның Ашхабадтағы елшілігі, Түркіменстанның Сыртқы істер министрлігі және басқа да құзыретті ведомстволармен бірлесіп, өзбекстандықтарды елге қайтару жұмысы жүріп жатыр.

Осының нәтижесінде дипломаттар Түрікменстан мен Иран шекарасында орналасқан Серахс қаласында 13 отандасын қарсы алып, оларды Өзбекстанға жеткізді.

Агенттіктен атап өткендей, 2 наурыздан бастап «Гаудан — Баджгиран», «Артик — Лутфабад», «Акаяйла — Инчебурун» және «Олтин Асир — Инчебурун» кедендік өткізу бекеттері қайта ашылды. Бұл пунктілер Түрікменстан мен Иран шекарасында орналасқан.

Еске салсақ, бұған дейін Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі қажылық, демалыс және басқа да мақсатта Таяу Шығыс елдеріне баруға ниетті азаматтарға сапарларын кейінге шегеруді ұсынды.

Сонымен, 28 ақпанда Израиль Иранға соққы жасады. Сол күні Иран Израильге қарымта жауап ретінде бірнеше зымыран жіберді.

Кеше Иранның IRNA мемлекеттік ақпарат агенттігі елдің Жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи қаза тапқанын хабарлады. Бұған қоса, Әли Хаменеидің кеңесшісі — Иран Қорғаныс кеңесінің хатшысы Әли Шамхани мен Ислам революциясы сақшылары корпусының қолбасшысы Мохаммад Пакпур көз жұмды.

Кейін Аятолла Арафи Иранның уақытша Жоғары жетекшісі болып тағайындалды.

Бүгін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы әскери операция қойылған міндеттер толық орындалғанға дейін жалғасатынын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум