Иранның Харк аралында жарылыстар болды
АСТАНА. KAZINFORM - Парсы шығанағындағы Иран мұнайының негізгі экспорттық торабы саналатын Харк аралында жаңа жарылыстар тіркелді, деп жазады BILD.
Бұл туралы ирандық Mehr агенттігі хабарлап, аралға шабуыл жасалғанын мәлімдеген. АҚШ-тың ресми өкілдері соққылар болғанын Axios және Fox News басылымдарына берген пікірлерінде растады.
Fox News мәліметінше, шабуыл нысанасына бункерлер, радиолокациялық станса және оқ-дәрі қоймалары алынған. Бұл аралға жасалған алғашқы соққы емес, наурыз айының ортасында америкалық әскерилер оған әуеден де соққылар жасаған.
Харк аралы Иран мұнайын экспорттауда стратегиялық маңызға ие — әлемдік нарыққа жеткізілетін мұнайдың елеулі бөлігі осы арал арқылы өтеді.
Осыған дейін Трамптың Иран мен Харк аралының мұнайын басып алуға рұқсат бергені туралы жаздық.