Иранның Израильге жасаған шабуылынан кейін мұнай бағасы өсті

АСТАНА. KAZINFORM — Сарапшылардың сауда деректеріне сәйкес, Иранның Израильге жасаған шабуылынан кейін әлемдік мұнай бағасы 0,3-0,4% көтерілген.

мұнай көлемі
Фото: Midjourney

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Brent маркалы мұнайдың маусымдық фьючерстерінің бағасы 0,357% өскен. Сөйтіп бір баррелі 90,48 долларға жетті.  

Ал WTI мұнайының мамырдағы фьючерстері 0,28%-ға, яғни, 85,69 долларға дейін көтерілген.

Айта кетейік, Израиль сыртқы істер министрлігі Иранның шабуылына қатысты пікір білдірген болатын.

Соңғы жаңалықтар