Иранның сыртқы істер министрі елге экономика арқылы қысым көрсетіліп жатқанын мәлімдеді

АСТАНА. KAZINFORM - Тегеран сырттан қысым жасалып, елдегі ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға ықпал күшейіп келе жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Глава МИД Ирана заявил о попытках давления на страну через экономику
Фото: IRNA

Ираннң сыртқы істер министрі Аббас Арагчи бейсенбі күні Иранның Исфахан қаласында өткен форумда Ислам республикасы қарсыластарының қысым көрсетудің жаңа стратегиясын қалыптастырып жатқанын жеткізді. Бұл туралы IRNA арнасы хабарлады. 

-Жаулар өз мақсаттарына әскери жолмен жете алмаған соң экономикалық соғыс пен тұрғындардың өмір сапасына бағытталған санкцияларға көше бастады, - деп мәлімдеді Иран СІМ-нің башысы. 

Маусым айында Израильмен болған 12 күндік қақтығысқа пікір білдірген министр Иран қоғамының табандылығы мен қарулы күштері жаудың ойлағанына жетуіне мүмкіндік бермегенін атап өтті. 

- Олар Иранды бірнеше күн ішінде капитуляцияға көндіреміз деп ойлады. Алайда олар біздің қоғамның төзімділігі мен әскерге қарсы тұра алмады, - деді ол.

Министрдің сөзінше, қақтығыс Иран халқының сыртқы күштердің ықпалы мен күш көрсетуге көнбейтінін байқатты. Әскери әрекеттер барысында Израиль елдің ядролық бағдарламасымен байланысты бірқатар әскери командирлер, шенеуніктер мен мамандарға соққы жасады. Ал АҚШ Иранның ядролық нысандарына шабуыл жасап, осы іске атсалысты. 

Сакнциялар туралы сөз қозғағанда Аббас Арагчи Иранның шектеулер аясында өмір сүруге мәжбүр екенін, алайда олар сонымен бірге ішкі реформаларды жүргізуге мүмкіндіктер тауып жатқанын атап өтті. 

- Санкциялар экономиканы тұрақсыздандыру үшін психологиялық құрал ретінде де қолданылады, - деді ол Сыртқы істер министрлігінің санкцияларды мүмкіндігінше жойып, тым болмағанда оларды жұмсарту жолында әрекет ете беретінн қоса отырып. 

Арагчи Тегеранның Израиль тарапынан әлі де соққы жасалуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Дегенмен Иран қазір мұндай жағдайға жақсы дайындалған. 

Иранның сыртқы саяси ведомствосы басшысының мәлімдемелері бұқаралық ақпарат құралдарының Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың АҚШ президенті Дональд Трамппен алда өтетін кездесуіне айрықша назар аударып отырған тұсына сай келді. Бұл кездесуде Иранның зымыран бағдарламасы және Тегеранға қысымды одан әрі күшейту шаралары талқыланады деген болжам бар.

Вашингтон Иранға қатысты барынша қатаң қысым саясатын жалғастырып отыр, Израиль болса Тегеранның соғыстан кейін әскери әлеуетін қайта қалпына келтіріп жатқанын ескертті. Арагчи өткен аптада Иранның жаңа шабуылдар ұйымдастыруы мүмкін екенін айтқан. Алайда олар қазір шабуылға жақсы дайындалғандығын айтып отыр. 

Айта кетейік, осыған дейін Иран мен АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі келіссөздер барысында қатаң мәлімдемелер жасаған болатын. 

Соңғы жаңалықтар