Иранның сыртқы істер министрі Мәскеуге келді

АСТАНА. KAZINFORM – Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Мәскеуде бірқатар келіссөз жүргізбек. Сонымен қатар Ресей президенті Владимир Путинмен де кездесу жоспарланған, деп хабарлайды ресейлік ТАСС.

Top Iranian diplomat to meet with Putin, hold several talks
Фото: IRNA

Ресей Федерациясының ресми өкілі Мария Захарованың айтуынша, Иран министрі Мәскеуге келіссөздер жүргізу үшін жексенбі күні кешкісін келген.

IRNA агенттігінің хабарлауынша, Иранның сыртқы істер министрі АҚШ пен Израильдің Иранға соққы жасауына байланысты өңірлік және халықаралық күн тәртібіне қатысты мәселелер бойынша Ресей көшбасшысымен және жоғары дәрежелі шенеуніктермен кеңеспек.

Аракчи Путинмен кездесуінің 23-ші маусымға жспарланғанын осыған дейін де айтқан болатын. Бұл ретте ол РФ мен Иран арасында стратегиялық әрептестік жөнінде келісім жасалғанын еске салды. Осыған байланысты Мәскеу мен Тегеран өзара кеңесті тұрақты өткізіп, өздерінің іс-әрекеттерін үйлестіріп отырады.

Владимир Путин осыған дейін Израильдің Иранды бомбылауына байланысты өзінің ұстанымын нақты жеткізген болатын. Ол ислам мемлекетінің азаматтық ядролық бағдарламаны дамытып, атом технологияларын бейбіт мақсатта қолдануға құқы бар екенін жеткізді. Ал МАГАТЭ-де Иранның ядролық қару жасап жатқаны туралы ешқандай мәлімет жоқ. Сонымен қатар Путин Мәскеудің келісім аясындағы барлық міндеттемелерін орындап отырғанын және Тегеранның бейбіт атомды қоса алғанда заңды мүдделерін қорғау ісінде қолдап отырғынан жеткізді.

Аракчи-дің Мәскеуге сапарына АҚШ президентінің қауіпсіздік бойынша көмекшісінің уақытша міндетін атқарушы, Мемлекеттік хатшы Марко Рубио пікір білдірді.

Ол Иранның сыртқы істер министрінің Вашингтон эмиссарлары емес Ресей жетекшілігімен кездесуге бара жатқанына қынжылатынын білдірді.

Соған қарамастан Рубио Ресей мен Иран Сыртқы істер министрінің келіссөздері бойынша наразылық білдіре алмайтынын айтты.

Осыған дейін АҚШ-тың Иранның ядролық нысандарына соққы жасағаны туралы жаздық.

Иран АҚШ-ты агрессия үшін айыптап, халықаралық тергеуге алуды талап етті.

 

Соңғы жаңалықтар