Иранның вице-президенті отставкаға кетуге өтініш берді

АСТАНА. KAZINFORM — Иран вице-президенті Зарифтің отставкаға кетуі экономика министрі Абдолнасер Хемматиге импичмент жарияланғаннан кейін болды, деп жазады Анадолы.

Иран вице-министрі
Фото: Анадолы

Иранның стратегиялық мәселелер жөніндегі вице-президенті Мохаммад Джавад Зариф отставкаға кетуге өтініш білдірді.

Иранның ресми IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Зарифтің отставкаға кетуі экономика министрі Абдолнасер Хемматиге импичмент жарияланғаннан кейін болды.

Хемматиге елдің экономикалық мәселелерін шеше алмады деген айып тағылды.

Иран президенті Масуд Пезешкианның Зарифтің отставкаға кету туралы мәлімдемесіне әлі жауап бермегені аталып өтті.

2013-2021 жылдар аралығында Иранның сыртқы істер министрі болған Зариф 2015 жылғы ядролық келісімді жасаушылардың бірі болды.

Тамыз айында президент Пезешкиан Зарифті стратегиялық мәселелер жөніндегі вице-президент етіп тағайындады.

Ультра консервативті топтардың шабуылына ұшыраған Зариф тамыз айында үкімет парламентте сенім дауысын алған кезде отставкаға кететінін меңзеген, бірақ кейін ол өз міндетін қайта бастады.

Зариф сонымен қатар Швейцарияның Давос қаласында өткен Дүниежүзілік экономикалық форумда (ДЭФ) хиджабқа тыйым салу және ХАМАС-пен арадағы жағдай туралы айтқан сөздері үшін Иранның ультра консервативті топтары тарапынан сынға ұшырады.

Осыған дейін Иранның экономика министріне импичмент жарияланғаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар