Иранның экс-президенті С.М.Хатами Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстандағы ұлтаралық және ұлысаралық келісімдерді сақтаудағы рөлін жоғары бағалады

ТЕГРАН. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат – Қазақстан Елшісі Ерік Өтембаев миссиясының аяқталуына байланысты жақында Тегранда Өркениеттер диалогының орталығы директорымен және Иранның экс-президенті Сейед Мохаммад Хатамимен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИР-дегі Елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесу барысында Е.Өтембаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің және өркениеттер диалогының идеялары мен мақсаттарының ортақтығын атап өтті. Қазақстан барлық әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған осы және басқа да бастамаларға айрықша назар аударып отыр. Тақырыпты жалғастыра отырып, Қазақстанның экс-елшісі ядролық энергетиканы дамытуға ұмтылып отырған елдердің саны артуына байланысты Қазақстан Ядролық отын банкін құруды ұсынатынын айтты. Өз кезегінде С.М.Хатами соңғы жылдары айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық өсу қарқынына қол жеткізіп отырған Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екендігін қуаттады. Иранның көрнекті саяси қайраткері Қазақстан Орталық Азия мен Закавказье аймағындағы көшбасшылық рөлін атқарып отырғанын ауызға алды. Оның пікірінше, жоғарыда аталған жетістіктер Қазақстан халқының және оның Президентінің даусыз еңбегі екенін атап көрсетті. «Біз Қазақстан Президенті Н.Назарбаевпен КСРО күйрегеннен кейін Қазақстан-Иран қатынастары дамуының бастауында болдық. Өткен жылдар ішінде біздің елдеріміз арасында жоғары деңгейдегі достық өзара қарым-қатынастар негізінде берік нормативтік-құқықтық негіз қаланған көптеген келісімдер мен халықаралық шарттарға қол қойылды», ? деді Иранның экс-президенті. С.М.Хатами Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ съезіне шақырғаны үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа шынайы алғысын жеткізуді өтінді және оның жұмысына қатысуға уәде етті.Сұхбат соңында Елші Е.Өтембаев парсы тіліне аударылған Н.Назарбаевтың «Сындарлы он жыл», «Қазақстандық жол» атты кітаптарын, сондай-ақ «Н.Назарбаев ? ұлысаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің негізін салушы» атты кітабын, Абайдың «Қара сөздерін» сыйға тартты.
Соңғы жаңалықтар