Иранның оңтүстік-батысында 4,8 магнитудалы жер сілкінісі болды

ТЕГЕРАН. IRNA-ҚазАқпарат – Иранның Иракпен шекараласатын Хузистан проивинциясында Рихтер шкаласымен 4,8 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат IRNA агенттігіне сілтеме жасап.

Иранның оңтүстік-батысында 4,8 магнитудалы жер сілкінісі болды

Тегеран университетіндегі Сейсмология орталығының мәліметінше, зілзаланың ошағы Дизфул қаласының жанындағы Саленд кентінде тіркелген.

Жер дүмпуі жергілікті уақытпен сағат 13:17-де тоғыз шақырым тереңде болған.

Қазіргі мәлімет бойынша ғимараттардың қирауы мен адамдардың құрбан болуына қатысты ақпарат жоқ.