Іргелі ғылымның ақсап жатқан себебі нақты саладағы зерттеушілер аз - Саттар Мәжитов

АЛМАТЫ. 16 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Іргелі ғылымның ақсап жатқан себебі нақты саладағы зерттеушілер аз. Бұл туралы бүгін Алматыда «Қазақстан тарихы: жаңа ғылыми-әдістемелік көзқарас және зерттеу нәтижелері" деген тақырыпта өткен «Темірқазық» ұлттық сарапшылар клубының отырысында айтылды.
None
None

"Тәуелсіздік жылдары әр жоғары оқу орны өз-өзіне диссертациялық ғылыми кеңес ашты. Онда қажетті, қажетсіз жасанды докторлар мен кандидаттарды көптеп дайындадық. Солардың арқасында біз бір-бірімізбен сұхбаттасудан қалдық", - дейді Ресей жарытылыстану ғылымдары және Халықаралық ақпараттандыру академияларының академигі, тарих ғылмының докторы, профессор Саттар Мәжитов. Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының бөлім меңгерушісінің айтуынша, зерттеу орнында қазір штатта 59 адам бар. Оның жетеуі әкімшілікте, тағы жетеуі бөлімдерде лаборант болып жұмыс істейді. Соның нәтижесінде әр бөлімде нақты зерттеу жұмысымен 4-5 адам ғана айналысады. Ал зерттеу инстиуты кешенді ізденіс жүргізу үшін мәселен Қарлұқ қағанатын зерттеу үшін арнайы 1 маман ұстауы керек. Қазақ жүздерінің қалыптасуын зерттеу үшін кемінде 1 маман ұстауы керек. Сондықтан да нақты саладағы зерттеушілердің аздығынан іргелі ғылымның дамуы ақсап келеді. Сондай-ақ деректермен жұмыс істеу үшін тіл білу керек. "Мысалы, өзбектер «Тарихи Рашидиді» орыс тіліне аударған кезде қазаққа қатысты нәрселердің бәрі алып тастаған. Тіпті, Керей мен Жәнібек қазақта ешқандай үлкен рөл атқармаған дейді. Жалпы, ешқандай мұрағат ешқашан толық деректі бермейді. Көшіріп бер деп тапсырыс берсең тек үзіндісін ғана береді. Сондықтан ғылыммен айналысу үшін үлкен жанкештілік керек. Санкт-Петербургтегі тарих институтынан Кенесарыға байланысты 3 папка деректерді көшіріп алуға өз басым 4 жыл уақытымды жұмсадым", - дейді Саттар Фазылұлы.

Соңғы жаңалықтар