«Ірі дала өрті тіркелді»: ҚР ТЖМ желідегі ақпаратқа түсінік берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ірі дала өрті туралы қазақстандықтар таратып жатқан ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ірі дала өрті тіркелді»: ҚР ТЖМ желідегі ақпаратқа түсінік берді

«Ірі дала өрті тіркелді» деген желеумен WhatsАpp мессенджерінде тарап жатқан бейне және фотоматериалдар шындыққа сәйкес келмейді. Дәл қазіргі сәтте ел аумағында ірі дала өрті тіркелген жоқ», - дейді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Оның айтуынша, таралып жатқан видеожазбадағы оқиға 2021 жылы Алматы облысы Балқаш ауданында болған.

«Жалған ақпарат таратып, қоғамды дүрліктірмеулеріңізді сұраймыз», - деді Т.Уәли.