Ірі қарадан бруцеллез анықталған Қостанай облысындағы ауылға шектеу енгізілмек

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қостанай облысының Қамысты ауданына қарасты Қамысты ауылында ірі қарадан бруцеллез ауруы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Қостанай облысы Қамысты ауданы Қамысты ауылындағы №1 шалғайдағы табында (Р.Хусаинов) ірі қара мал бруцеллезінің пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін. Анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге арналған қажеттi ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізілсін», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Қамысты ауылдық округінің әкімі А.Тлеубергеновтің шешім-жобасында.

Құжатты ашық талқылау уақыты бүгін аяқталады. Енді ауылдық округ әкімі қол қойған соң бірден күшіне енеді.

Қоса кетсек, таяуда Солтүстік Қазақстан облысында бруцеллез ауруына байланысты үш елді мекенге шектеу енгізілгенін хабарлап едік.


Соңғы жаңалықтар