Ірі көлемде есірткі саудалаған дәмхана қожайыны ұсталды (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда дәмхана қожайыны ірі көлемде есірткі саудалап келген. Бұл туралы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Ірі көлемде есірткі саудалаған дәмхана қожайыны ұсталды (ФОТО)

31 жастағы ер адамның қылмыстық әрекеті жайлы құлақтанған полиция оны «гашиш» есірткісін сатып жатқан жерінен ұстады. Жедел операцияны «Арлан» арнайы бөлімінің жасағы жүргізді.

Дәмхана қожайыны келушілерге 1 келі 300 грамм болатын «тауарды» әзірлеп қойғаны белгілі болды. Сондай-ақ, есірткіні қапшыққа салатын құрал мен ас үй таразысы табылды.

Қалалық ІІД-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы Азамат Садыровтың айтуынша, күдікті қазір қамауға алынды.

Тергеу амалдары жалғасуда.
null
null
null
null