Ірі көлемде есірткіні заңсыз сақтап, сатқан азамат сегіз жылға сотталды

ОРАЛ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен есірткіні ірі көлемде сақтап, сатқаны үшін А.Елемесов ҚР ҚК 259-бабы 2-1-бөлімі, 259-бабы 1-1-бөлімі, 58-бабы 3-бөлімі бойынша сегіз жылға бас бостандығынан айрылды, үкім заңды күшіне енгеннен кейін ол жазасын қатаң тәртіптегі түзету колониясында өтейтін болады.
None
None

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, А.Елемесов биылғы қаңтардың 10-ында полицейлер жіберген «Саша» деген азаматқа жалпы салмағы 0,83 грамм героинды 3 мың теңгеге сатқан, бұл ірі көлемдегі есірткі болып табылады. Ақпанның 2-сінде мекенжайын тінту кезінде А.Елемесов жатын бөлмесінде сату мақсатында емес, өзі тұтыну үшін сақтаған есірткіні көрсеткен. Мұның салмағы 1,988 грамды құрады.

Соңғы жаңалықтар