Ірі шетелдік компаниялар елді индустриялық-инновациялық дамыту жобаларын жүзеге асырады - «ҚазМұнайГаз» басшысы Қ.Қабылдин
Ол бұл мәлімдемені көмірсутек кеніштерін бірлесе игеру жөнінде шетелдік әріптестермен бірқатар шарттарға қол қойғаннан кейін жасады.
Қ.Қабылдин олар Каспийдің қазақстандық секторының оңтүстігіндегі кеніштерге қатысты екенін айтты. «Әңгіме қолда бар геологиялық ақпараттарды зерделеу және геологиялық жұмыстар өндірісінен соң кеніш қорлары анықталғаннан кейінгі коммерциялық келісімдер жасасудың негізгі ұстанымдарын жасау жөнінде болып отыр. Бұл жағдайда біз олармен коммерциялық келісім-шартқа отыратын болсақ, онда Total және Statoil компаниялары индустриялық жобаларға қатысады. Мұнда қазақстандық үлес те қамтылған», - деді Қ.Қабылдин.
Бұл жобалардың бұрынғылардан өзгешелігі, инвесторлар индустриялық жобаларға қатысатын болады, деп атап өтті ұлттық компания басшысы.