18:20, 13 Мамыр 2009 | GMT +5
Ірі жарыстардан жеңіспен оралған батысқазақстандықтарға құрмет көрсетілді
ОРАЛ. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Мамырдың 13-інде Оралда ірі жарыстардан жеңіспен оралған батысқазақстандықтарға құрмет көрсетіліп, бағалы сыйлықтар табыс етілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Еркін күрестен Қазақстан құрамасының мүшесі Абдулхаким Шапиев Паттайя (Тайланд) қаласында өткен ерлер арасындағы Азия чемпионатында 74 килә салмақта күміс жүлдегер атанған болатын. Ал дзюдошы қыз Әсел Қазиева Шымкентте өткен Қазақстанның ІІ жастар ойындарында алтыннан алқа тақты. Пауэрлифтинг шебері Григорий Бородкин Удапур (Үндістан) қаласында жасөспірімдер арасында өткен Азия біріншілігінде 75 килә салмақта үздік шығып, екі мәрте рекорд жаңартты.