Ирландиялық Бэтмен костюмінің толық көшірмесін жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирландиялық Джулиан Чекли (Julian Checkley) Batman ойынының супер батыры Бэмэннің киімінің толық көшірмесін жасады. Косплеер костюмі Гиннестің рекордтар кітабына кірді.

 Ирландиялық Бэтмен костюмінің толық көшірмесін жасады

Оны таныстырған ролик Guinness World Records арнасында - YouTube-де жарияланды.

Костюмде 23 түрлі құрылғы бар, олардың ішінде жұмыс істейтін түтінді шашки, бэт-сюрикендер, иттерді ультрадыбыстық үркіткіш, жарқанат түрінде магнитті шамшырақ бар. Чекли  костюмді 3D-принтерінде басып шығарғанын атап өтті.