Исекешев Астанада жедел жəрдем жеті минутта жетеді деп уəде етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Орталық жедел жəрдем стансасын аша отырып, Астана қаласының əкімі Əсет Исекешев келесі жылдан бастап елорданың 103 қызметі шақырылған жерге жеті минут уақытта жететінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

null
"Орталық медициналық жəрдем стансасы" нысанының құрылысы өте аз уақытта аяқталды. Мемлекет басшысы əлеуметтік мəселелерді үнемі бақылауда ұстайтынын білесіздер. Сондықтан да, осы орталықтың маңызы зор. Біз жедел əрекет ету қызметтерінің бəрін жаңартып жатырмыз. Біріншіден, жедел жəрдем көліктерінің барлығына GPS пн видеотіркеу орнату арқылы, жедел жəрдем көлігінің 1,2,3 санаттардағы шақыруға бару уақытын 10-12 минутқа қысқарттық. Қазіргі міндет - келесі жылы Астанада жедел жəрдемнің шақыруға бару уақытын жеті минутқа жеткізу",-деді əкім жаңа стансаны  салтанатты  түрде аша отырып.

null  

Исекешев хабарлағандай, келесі жылы қаладағы жедел жəрдем стансаларына 30 жаңа техника тапсырылуы жоспарланып отыр.

null  

"Қала тұрғындары үшін тағы бір жаңалық бар. 2017  жылдың қаңтарынан бастап, бірыңғай call-центр іске қосылады. Осылайша, 103 телефоны арқылы дəрігерге жазылып, мазалаған кез келген сұрақтың жауабын таба алады. Ауруханада кезекке тұрмайсыздар",-деді Ə.Исекешев.

Айта кетейік, жаңа Орталық жедел медициналық жəрдем стансасының құрылысы 2015 жылы басталған болатын. Жаңа орталықтық бір тəулікте 274 шақыру қабылдай алатын қуаттылыққа ие.

null  
null  

Соңғы жаңалықтар