Исекешев Орталық әмбебап дүкен әкімшілігін тәртіпке келтіруге уәде берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімі Әсет Исекешев елордалық Орталық әмбебап дүкен әкімшілігімен тәрбие жұмысын жүргізуге уәде берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Sine Tempore сауда үйінде болған келеңсіз оқиға туралы әлеуметтік желіге жарияланған даулы жазбадан кейін қала басшысы осындай шешім қабылдаған.

 «Сине Темпоре күзетшілері шектен шығып бітті! Қандай да бір дүңгіршекте бір нәрсе ұрланыпты, күзет сауда үйінің барлық есіктерін жауып, «күдікті» деп тапқан әйелге тінту жүргізді.  Әйелден түк таппаған күзетшілер бұрылды да кете барды. Кешірім де сұрамады!!! ЭКСПО-ға лайық сервис... P.S. Ал енді мына әйелді турист деп елестетейік. Мәселен, Минскіден Астананы көруге келді. Еске сала кетейін, жеке күзеттің мұндай әрекетке заң бойынша құқықтары жоқ! Күзет нысаны аумағында азаматтарды қамап қоюға да хақылары жоқ», - деп жазды Фейсбукке Астана тұрғыны Юлиана Евгеньевна.

Жазбаға тіркелген видеоны аз уақытта мыңдаған адам көріп, жүзден астам пікір жазылды.

«Келісемін, ыңғайсыз жағдай. Орталық әмбебап дүкен әкімшілігімен мұндай әдістерге жол бермеу туралы тәрбие жұмысын өткіземіз. Мейрамхана, қонақ үй, әуежай, вокзал, мемлекеттік қызмет (дәрігер, автобус жүргізушілері, полиция, әкімдік) сынды қаламыздың барша мекемелеріндегі қызмет көрсету мәдениеті үшін барлығымыз бірге күресуіміз қажет. Әрбір факті бойынша шаралар қолданылады және Астананың мейірімді, жайлы, қонақжай қала атануына күш салатын боламыз. Алаңдаушылық танытып, дабыл қаққан Юлианаға рахмет», - деп жауап берді Астана әкімі Әсет Исекешев. 

Соңғы жаңалықтар