Ішектің қабыну аурулары қауіпті асқынуларды тудыруы мүмкін – дәрігер

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ішектің қабыну аурулары тоқ ішек обырын тудыруы мүмкін. Бұл туралы гастроэнтеролог дәрігер Жәмилә Қайбуллаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Ойық жаралы колит тоқ ішек пен тік ішектің бетіндегі қабыну мен ойық жараларды қамтиды. Крон ауруы ас қорыту жолдарының ең терең қабаттарын зақымдайтын ас қорыту жолдарының шырышты қабатының кез келген бөлігінің қабынуымен сипатталады. Ойық жаралы колит және Крон ауруына шалдыққан пациенттер диареяға, ректалды қан кетуге, іштің ауруына, тез шаршау мен дене салмағын жоғалтуына шағымданады. Симптомдар жеңілден ауыр жағдайға дейін алмасып отырады, сондықтан диагнозды нақтылау мақсатында дер кезінде гастроэнтерологқа қаралған маңызды»,- дейді дәрігер.

Жәмилә Қайбуллаеваның сөзінше, ішектің қабыну ауруларының нақты себебі белгісіз. Диета мен стресс сырқатты өршітуі ықтимал, бірақ ішектің қабыну ауруларының себебі бола алмайды.

Сырқаттың туындауына әсер етуі мүмкін себептердің бірі – иммундық жүйе жұмысының бұзылуы, мысалы: диарея, шаршау, іштің ауруы және спазмдар, үлкен дәретте қан мен шырыштың болуы, тәбеттің төмендеуі, салмақты еш себепсіз жоғалту.

«Егер сіз ішекті босату процесінде тұрақты өзгерістерді сезінсеңіз: қан аралас сұйық дәреттің жиі болуы немесе іштің қатты ауыруы және тағы басқа жағдайда маманға қаралыңыз. Ішектің қабыну аурулары, әдетте өлімге әкелмесе де, кей жағдайларда адамның өміріне қауіп төндіруі мүмкін» - дейді гастроэнтеролог дәрігер, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кафедра доценті Жәмилә Қайбуллаева.

Оның айтуынша, дұрыс терапия болмаған жағдайда немесе ауру ағымының өршуіне байланысты ауру мынадай асқынуларға әкелуі мүмкін:

- тоқ ішек обырының болу қаупі артады.

- бастапқы беріштендіруші холангитте қабыну өт жолдарының тыртықтарын тудырады, бұл ретте оларды тарылтады және біртіндеп бауырды зақымдайды.

- Крон ауруы ішек қабырғаларының бүкіл қалыңдығын зақымдайды. Ішектің бөліктері қалыңдап, тарыла бастайды, бұл ас қорыту құрамының ағынын тежеуі мүмкін.

- диарея, іштің ауыруы мен спазмдар тамақтануды нашарлатады немесе ішектің қоректік заттарды жеткілікті сіңіруін қиындатады. Темір немесе В12 дәруменінің аз болуынан анемия да жиі өршиді.

- анус аумағының маңайында немесе айналасында жыланкөздер мейлінше таралады. Ол инфекцияға ұшырап, абсцесс түзуі мүмкін.

- ойық жаралы колит тоқ ішектің жылдам кеңейіп және ісінуіне әкелуі ықтимал.

- диареяның шамадан тыс болуы сусыздануға әкелуі мүмкін. Ішектің қабыну ауруларының асқынуы кезінде артрит, терінің зақымдануы мен көздің қабынуымен (увеит) қоса, белгілі бір бұзылыстарға әкеп соғады.

- кей дәрілер, кортикостероидтар остеопороздың, қан қысымының жоғары болуы және басқа да күй-жайлардың болу қаупімен байланысты болуы мүмкін.

«Қандай тағам өнімдері мен сусындар симптомды нашарлата алатындығын біліңіз. Әсіресе бұл асқыну кезінде өзекті. Проблемалар тудыратын тағамдардан бас тарту симптомдарды азайтуға көмектеседі. Өзіңіздің ішіп-жейтін тағамдарыңызды бақылаңыз, әр тағамнан қандай сезім болады және бұл тағамды рационнан алып тастаудың көмегі бар ма екендігін анықтаңыз. Егер симптомдар азаятын болса, бұл сізге қабылдауға болмайтын тағамды тапқандығыңызды білдіреді.

Симптомдарды өршітетін аса кең таралған тағамдардың кейбірі: көмірсулар, сүт өнімдері, жоғары және төмен талшықтан тұратын тағамдар. Сүт өнімдері симптомдарды нашарлатып, диарея тудырады, ішті ауыртып, газ шығартуы мүмкін. Жоғары талшықты тағамдар диареяны, іштің ауруын өршітіп және симптомдарды нашарлатуы ықтимал. Дәрігерден алдын ала кеңес алмай, құрамында жоғары талшығы бар диетаға ауыспаңыз»,- деп кеңес берді спикер.

Сонымен қатар, ол ішектің дұрыс жұмыс істеуі үшін сұйықтық қажет екенін тілге тиек етті. Сусыздану кезінде симптомдар өршуі мүмкін. Алкогольдік ішімдіктер мен кофеині бар сусындарды пайданудан бас тартқан жөн.


Соңғы жаңалықтар