Ішімдікке мас болған жігіт әкесін өлтіріп алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Шу облысындағы Новониколаевка ауылында отбасылық жанжалдан ер адам көз жұмды. Оның өліміне туған ұлы себепкер болған, деп жазады Кабар.
Қырғызстанның Шу облысы ІІББ баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 28 шілдеде әке мен араққа тойып алған ұлы арасындағы жанжалдан кейін болған.
«Отбасылық кикілжіңнің соңы 53 жастағы ер адамның өлімімен аяқталды. Басынан метал бұйыммен соққы алған ер азамат оқиға орнында көз жұмған.
Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр», - делінген ведомство хабарламасында.
Фото: kyrtag.kg