Ішкі істер министрі Бауыржан Байбекті «ақтап» отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың пайымдауынша, арнайы қызмет пен полиция жүрген жерге азаматтық қызмет басшыларының «араласуына» себеп жоқ.

Ішкі істер министрі Бауыржан Байбекті «ақтап» отыр

«Барлық тараптың өз міндетін орындау реті бар. Сондықтан, арнайы қызмет пен полиция жүрген жерде азаматтық қызмет басшыларының қандай да бір шара қолданатындай қажеттілігі жоқ. Кеше Алматы қаласының әкімімен (Бауыржан Байбек - агенттік) байланыста болдық. Бәрін талқылаған соң, ол жарақат алған адамдарға көмек көрсетіп, қаза тапқандардың туған-туыстарымен жұмыс жүргізу саласында тиісті шараларды қолға алды», - дейді ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов бүгін Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

Қ.Қасымов атап өткендей, Бауыржан Байбек кеше, яғни Алматы қаласында қанды оқиға орын алған 18 шілде күні қалада болған.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде халық оқиға орын алған күні Алматы қаласының басшылығы неге мәлімдеме жасады деген мәселені қызу талқылап жатыр.