Ішкі істер министрлігі бір аптада 3 мыңнан астам қылмысты «ізін суытпай» ашты

АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Апта ішінде ел аумағында 5312 қылмыс жасалды, оның 3289-ының беті «ізі суымай» ашылды.

Ішкі істер министрлігі бір аптада 3 мыңнан астам қылмысты «ізін суытпай» ашты

Бұл туралы ҚР ІІМ мәліметтерінде хабарланды.

Бұрын жасалған қылмыстың 592 фактісі ашылды, оның 23-і былтыр жасалған қылмыстар. Іздестіру барысында 63 қылмыскер табылды, 13 бірлік қару тәркіленді. Есірткі қылмысының 56 фактісі ашылды, оның 17-і сауда фактісі. Есірткі затының 309 келіге жуығы тәркіленді.