Ішкі істер министрлігі ұрлық қылмысының ашылуын 35 пайызға дейін арттыруға күш салмақ

АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрлігі елімізде орын алатын ұрлық қылмысының ашылуын 35 пайызға дейін арттыруға күш салмақ. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Ішкі істер органдары» туралы заң жобасының жаңа редакциясымен таныстыру барысында ІІМ орынбасары Ерлік Кененбаев мәлім етті.
None
None

«Біз өз қызметкерлерімізден оңайлатылған өндіріспен айналысуды талап ететін боламыз. Яғни, ең алдымен негізінен ұрлыққа қатысты қылмыстарды ашуға күш саламыз. Статистикаға сүйенсек, егер 2010 жылы орташа ауырлықтағы қылмыстарды, негізінен ұрлыққа қатысты қылмысты ашу көрсеткіші 16 пайыз болса, онда 2012 жылы біз бұл көрсеткішті 24 пайызға жеткіздік», - дейді Е.Кененбаев.

Оның айтуынша, егер сараптамаларды шапшаң жүргізу мәселесі шешімін тауып жатса онда ұрлықтардың ашылу көрсеткіші де жоғарылай түседі. Тоқтала кететін жайт, бүгінгі таңда сараптамалар жасауға 30 күндей уақыт кетеді.

Соңғы жаңалықтар