16:21, 13 Ақпан 2013 | GMT +5
Ішкі істер министрлігі жанынан қоғамдық кеңестер мен қоғамдық бақылау комиссиялары құрылады
АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрлігі жанынан қоғамдық кеңестер мен қоғамдық бақылау комиссиялары құрылады Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлік Кененбаев осылай мәлім етті.

«Заң жобасында ішкі істер органдарының тағайындалуын айқындайтын нормалар алғаш рет қарастырылып отыр. Атап айтқанда, олардың қызметі Қазақстан халқына қызмет етіп, заңды және жеке тұлғалардың құқықтарын қорғауға, бостандықтарын қамтамасыз етіп, заңды мүдделерін қорғауға негізделеді», - деді министр орынбасары. Бұдан бөлек, заң жобасымен адам мен азаматтың құқын қорғау және сыйлау, ашықтық және жариялылық мәселелері, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен өзара байланыс жұмыстары қарастырылған.