Ішкі істер министрлігінде жаңа кадрлық тағайындаулар болды

АСТАНА. Сәуірдің 4-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ішкі істер министрлігінде жаңа кадрлық тағайындаулар болды.
None
None
Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаменті бастығының орынбасары Ернұр Уәли баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, министрліктің Тіл саясаты және ақпарат департаменті бастығының міндетін атқарушы болып Президент Әкімшілігінің бұрынғы қызметкері Қуанышбек Жұманов тағайындалды. Сондай-ақ министрліктің Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары қызметіне Игорь Лепеха келді. «Полиция полковнигі И.Лепеха ішкі істер саласында 1986 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Ол бұған дейін Қарағанды қаласы бойынша аудандық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, Облыстық ішкі істер басқармасы Әкімшілік полиция басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. И.Лепеха соңғы 4 жылда Қарағанды облыстық Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары болып жұмыс істеді»,- деді Е.Уәли.
Соңғы жаңалықтар