Ішкі валюта нарығындағы ахуал тыныш және тұрақты - Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко.

Ы. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Тамыз айында теңгенің АҚШ долларына бағамы 147,12-147,78 теңге аралығында болды. Оны Ұлттық банк төрағасы бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

"Тамызда біршама көбірек сатып алдық, маусымда саттық. Ал қыркүйекте қазіргі күнге дейін сату, сатып алуда интервенция болған жоқ. Ішкі валюта нарығындағы ахуал тыныш және тұрақты", дейді ҚР Ұлтық банк төрағасы Григорий Марченко.

Тамызда теңге 0,2 пайыз нығайды және айдың аяғында теңгенің биржалық бағамы 1 АҚШ доллары үшін 147,33 теңге болды. Қор биржасындағы биржалық операциялар көлемі қосымша-саттықтағы мәмілерді ескергенде шілдемен салыстырғанда 21,9 пайызға өсіп, 5,9 миллиард доллар болды. Ал биржадан тыс валюта нарығындағы операциялар көлемі 51,9 пайызға өсіп, 4,7 миллиард долларды құрады.

Соңғы жаңалықтар