Ислам Чесноков «Хартс» командасына ресми түрде ауысты

АСТАНА. KAZINFORM - Ислам Чесноков Шотландияның «Хартс» футбол клубының ойыншысы атанды.

Ислам Чесноков «Хартс» командасына ресми түрде ауысты
Фото: facebook.com/OfficialHeartofMidlothianFC

Бұл команда ел астанасы Эдинбург қаласының атынан сынға түседі. Олар Ислам Чесноковпен алдын ала келісімшартқа қол қойған еді. Қазақстандық футболшының Қостанайдың «Тобол» клубымен келісімшарты 2025 жылдың 31 желтоқсанында аяқталды. Сондықтан ол «Хартс» клубына еркін агент ретінде ауысуға мүмкіндік алды.

Ислам Чесноков 1999 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. Сол қаланың «Алтай» командасының түлегі футболдағы алғашқы қадамын 2018 жылы өз ұжымында бастады. Одан кейін 2021-2022 жылдары Беларусьтің «Белшина» сапында ойнаған ол 2023 жылдан бері Қостанайдың «Тобыл» командасының намысын қорғап келеді.

Өткен маусымда Ислам Чесноков қостанайлық клуб сапында барлық турнирде 29 ойын өткізіп, 10 гол соқты және 5 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар ол Қазақстан кубогінің жеңімпазы атанды.

2023 жылдан бері ұлттық құрама сапында ойнап, 3 гол соғып үлгерді. Алғашқы голын 2023 жылдың 17 қарашасында Еуропа чемпионаты іріктеу сатысында Сан-Марино құрамасының қақпасына енгізді.

Соңғы жаңалықтар