Ислам Даму банкі Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті - Елбасы қабылдауы

АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Ислам Даму банкі Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болғаннан кейін өткен брифингте Ислам Даму банкінің президенті Ахмад Мохамед Әли әл-Мадани мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстанның белсенді ынтымақтастығына орай Ислам Даму банкінің атынан алғысын білдірген ол, Ислам Даму банкі бүгінге дейін Қазақстанда бірқатар маңызды жобаларға қатысқанын, бұдан әрі де қарым-қатынасты нығайта түсуге ниетті екенін айтып өтті. Елбасымен жүздесу барысында Қазақстанда исламдық қаржыландыру жүйесін бекіту мәселесі сөз болғанынына тоқталған ол: «Өзіміздің тарапымыздан исламдық қаржыландыру институттарын бекіту үшін Қазақстанға қажетті техникалық, процедуралық қолдау көрсетуді бақылауға алуға дайынбыз. Бұл шаралар әлемдік дағдарыс кезінде өте маңызды. Себебі ислам банктері мен исламдық қаржыландыру институттары дағдарыс кезінде өздерінің тұрақтылығын көрсете білді. Атап айтқанда, олардағы ұстанымдар басқа қаржыландыру институттарына қарағанда ерекше», деді. Сондай-ақ Ислам Даму банкінің президенті Астанда өтетін Экономикалық форумға делегация құрамында бірқатар сарапшылар келгендігін атап өтті. Олар исламдық қаржыландыру механизмдері бойынша түсіндіру жұмыстарын атқаратын болады. «Ертең, басталатын форумды жоғары деңгейде ұйымдастырып отырғандығы үшін, сондай-ақ бұл форумның өсіп келе жатқан беделімен Қазақстан Президентін құттықтағым келеді. Себебі бұл шараға әлемдік деңгейдегі көптеген танымал сарапшылар келіп отыр», деді ол.
Соңғы жаңалықтар