16:02, 13 Ақпан 2009 | GMT +5
Ислам даму банкі ОҚО Қазығұрт ауданының 14 ауылын газдандыруды қаржыландырады
ШЫМКЕНТ. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ – Ислам даму банкі Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының 14 ауылын газдандыруды қаржыландырады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Шарапхана, Қарабау, Алтынтөбе, Жаңабазар, Көкебел және Жігерлен ауылдық округтарына табиғи газ өткізу үшін осы қаржы институты қазірдің өзінде 3 млрд. 800 млн. теңге бөлді. 35 млн. теңге болатын жобалау-сметалық құжаттарын даярлауға арналған шығыстарын облыстық бюджет өзінің мойнына алды.Газ желісі тартылатын ауылдар кездейсоқ таңдап алынған жоқ ? оларда Қазығұрт ауданы халқының 35 пайызы тұрады.