Ислам даму банкінің делегациясы Солтүстік Қазақстан облысында болды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. 5 шілде. ҚазАқпарат - Петропавлда жуырда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов Ислам даму банкінің делегациясымен кездесті,

деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Дегецияның құрамында «Голдхейн инвестментс лимитед» компаниясының президенті Давид Варагян, Ислам даму банкінің ТМД және Шығыс Еуропа елдері бойынша миссияның басшысы Самир Таджиев, «АКА Групп» вице-президенті Мақсат Ақатаев болды.

Кездесудің мақсаты өңірде әлеуметтік жобалар мен экономикалық қаржыландыру бойынша ұзақмерзімдік әріптестік орнату болып табылады.

Серік Біләлов кездесуде атап өткендей, өңірде барлық сала бойынша қарқынды даму байқалуда. Ағымдағы жылдың 6 айы бойынша өндірістік өнімнің көлемі 7 пайызға артып, 53 млрд. теңгені құрады. Машина құрастыру саласы да қарқынды дамып келеді. Кәсіпорындардың тапсырысы 28 пайызға артты.

Шағын және орта бизнес үшін 30 млрд. теңге сомасында несие берілді. Соның нәтижесінде кәсіпкерлердің субьектілері 23 пайызға артты. Индустрияландыру картасы аясында 42 млрд. теңгеге 30 инвестициялық жоба іске асырылуда. Бұл өз алдына жаңа 4 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Биыл 7 млрд. теңгеге 6 жобаны аяқтау жоспарлануда.

Өңір басшысы облыстағы агроөндірістік кешеннің жұмысы жайлы хабардар етіп, астық және ет өндірісін дамыту жайына баса назар аударды.

Кедесу барысында Ислам даму банкінің өкілдері қаржы аударуға ниетті бірнеше жобалар қарастырылды.

Соңғы жаңалықтар