Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдері азық-түлік қауіпсіздігін сақтау қандай шара жасамақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ислам ұйымының азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі V Бас ассамблеясы (IOFS) Тунисте өтті. Онлайн режимде өткен жиында жиналғандар өткен жылы атқарылған жұмыстарды баяндады. Сондай-ақ, мүше мемлекеттер ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін шешу үшін маңызды бағдарламалар қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.
Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының штаб-пәтері Астанада орналасқан. Өткен жылы Қазақстан екінші рет Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының төрағасы болды. Онлайн отырыс барысында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев төрағалықты Тунис Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі және IOFS Бас Ассамблеясының төрағасы Махмуд Элиес Хамзаға тапсырды.
IOFS бас директоры Ерлан Байдәулет Қазақстан төрағалығының жалпы нәтижелері, атап айтқанда, IOFS 16 стратегиялық бағдарламасын жүзеге асырудағы жетістіктер туралы ақпараттық тұсаукесер жасады.
Содан кейін ол өзара мүдделер салаларын зерттеу және әртүрлі серіктестермен, соның ішінде арабтың құрғақ аймақтар мен құрғақ жерлерді зерттеу орталығымен, Тунис ұлттық ауылшаруашылық зерттеулер институтымен, Гвинея сауда-өнеркәсіп палатасымен және Тунистің өнеркәсіп, сауда және қолөнер Одағымен ынтымақтастықты нығайту бойынша бірқатар екіжақты өзара түсіністік меморандумдарына қол қойды.
Африкаға көмек
IOFS 2022 жылды Африканың IOFS жылы деп жариялады. Мұндағы мақсат континентті дамытуға арналған жобаларды әзірлеу болатын. Африка аштық, азық-түлік қауіпсіздігі және тамақтану проблемаларына тап болғандықтан, Ұйым Африка үкіметтерімен және тиісті серіктестермен үнемі жұмыс істейді. Бұл жұмыс Африканың ауыл шаруашылығы ландшафтын дамытуға және стратегиялық даму жоспарларының бөлігі ретінде әртүрлі мүше мемлекеттердегі іс-шараларды жандандыруға бағытталған.
Алты жаңа азық-түлік қоры
1981 жылдан бастап Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының күн тәртібіне азық-түлік қауіпсіздігі резервтері жүйесі мәселесі енгізілді. Ондағы мақсат – дағдарыс, азық-түлік тапшылығы кезінде азық-түлік жеткізуді қамтамасыз ету үшін өңірлік азық-түлік қорларын құру, сондай-ақ жағдайды бақылау және болжау арқылы мүше мемлекеттердің азық-түлік ресурстарына қолжетімділігін жеңілдету. IOFS хатшылығы тиісті зерттеу жүргізгеннен кейін алты аймақтық азық-түлік қорын құруды ұсынады.
Ислам ынтымақтастығы ұйымы ішіндегі астық қоры
Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының пікірінше, мүше мемлекеттер үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алудың баға тәуекелін, сондай-ақ халықаралық қаржы мекемелерінің кредиттерін тарту кезінде валюталық тәуекелді төмендете отырып, астық нарығындағы баға саясатын тұрақсыздандыратын түрлі факторларды жою жөніндегі маңызды құрал бола алады. Сондай-ақ, бұл Қор ауыл шаруашылығын дамытуға және азық-түлік қауіпсіздігіне, соның ішінде қауіпсіз азық-түлік өндірісі мен қосылған құн тізбегін дамытуға инвестиция тарту үшін IOFS арқылы исламдық қаржы институттарымен байланысты нығайтуды қамтамасыз етеді.
Ет жеткізуді қамтамасыз ететін инвестициялық жоба
V бас ассамблеяның тағы бір маңызды қорытындысы қой шаруашылығы қоры болды. Бұл қосымша құн тізбегін құруға бағытталған және Ислам ынтымақтастығы ұйымының ішінде жоғары сапалы етті тұрақты жеткізуді қамтамасыз ететін инвестициялық жоба. IOFS мүше елдердің инвестициялық агенттіктерінің қолдауымен ұйымға мүше мемлекеттердің институционалдық инвесторлары тарапынан қаржыландыруға ықпал ететін болады. Табысты іске асырылған жағдайда бұл қор Сомали, Судан және т.б. ИЫҰ-ның басқа елдерінде қайталанады.
Қазақстандағы өсімдіктер мен жануарлардың гендік қоймасын құру орталығы
V Бас Ассамблеяның қорытындысы бойынша мүше мемлекеттер мен тиісті мекемелерге өсімдіктердің генетикалық ресурстарын алу, сақтау және тұрақты пайдалану, жануарлардың генетикалық ресурстарын жақсарту бойынша ұлттық және жергілікті деңгейде іс-шараларды жандандыру ұсынылды. Бұл шешім азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығын дамыту үшін маңызды инфрақұрылымдардың жойылуының негізгі себептерінің бірі болып табылатын дүние жүзіндегі көптеген және алуан түрлі қақтығыстармен байланысты. Оның ішінде Сирияның Алеппо қаласында сақталған генетикалық коллекцияның айтарлықтай жоғалуы және Украинадағы ұлттық өсімдіктер гендік банкінің жойылуы.
Азаматтық қоғаммен ынтымақтастықты кеңейту
IOFS хатшылығына жергілікті және контексттік шешімдер мен төтенше жағдайларға ден қою, дайындықты қалпына келтіру және қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігі дағдарысы мен болашақ тәуекелдерді еңсеруге, алған сабақтарымен бөлісу, ұзақ мерзімді бастамаларды мүше мемлекеттермен үйлестіре отырып, тиісті азаматтық қоғам құрылымдарымен проблемалар мен мүмкіндіктерді зерттеу, талқылау және ілгерілету тапсырылды.
Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымындағы 37 мемлекет
V Бас Ассамблеяның министрлік сессиясы Тәжікстанды IOFS-тің толыққанды мүшесі ретінде қарсы алды және Чад Республикасына IOFS Жарғысына қол қойғаны үшін алғыс білдіріп, мүше мемлекеттердің санын 37-ге дейін арттырды. Сессия барысында Әзірбайжан елдің IOFS-ке толық мүше мемлекет болуы үшін барлық ішкі шаралар қабылданып жатқанын айтты.
Атқарушы кеңестің жаңа мүшелері
Онлайн-кездесу қорытындысы бойынша басқарма келесі құрамда сайланды: Катар, БАӘ, Тәжікстан Республикасы, Пәкістан Ислам Республикасы, Камерун Республикасы, Гамбия Республикасы, Қазақстан Республикасы (тұрақты мүше), IOFS Бас директоры (дауыс беру құқығы жоқ мүше).
Катар мемлекеті IOFS Атқарушы кеңесінің төрағасы болып сайланды.