15:35, 03 Ақпан 2026 | GMT +5
Исламабад Қазақстан Президентінің сапарына дайындалып жатыр
АСТАНА. KAZNFORM - Исламабад Қазақстан Президентінің мемлекеттік сапарына дайындалып жатыр.
Бұл туралы БОРТ №1 Telegram арнасынан мәлім болды.
Айта кетейік, осыған дейін Президенттің 3-4 ақпан күндері Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен баратыны туралы жазған едік.
Сапар аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Шахбаз Шарифпен және Президент Асиф Али Зардаримен келіссөздер жүргізіп, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылайды.
Сонымен қатар Қазақстан-Пәкістан бизнес форумына қатысу жоспарланған.