Исламабадта қазақстан-пәкістан екіжақты ынтымақтастығының мәселелері бойынша пікір алмасу өтті

АСТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат – Кеше Исламабадта Қазақстан елшісі Бақытбек Шабарбаев Пәкістанның Дін істері жөніндегі федеральды министрі Саед Хамид Саид Казмимен кездесті.
None
None
Әңгіме барысында екі мемлекеттің көпжақты форматтағы өзара іс-қимылдары мен қазақстан-пәкістан екіжақты ынтымақтастығының мәселелері бойынша пікір алмасылды, деп хабарлады ҚазАқпаратқа ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен. Б.Шабарбаев Пәкістан министрін Қазақстандағы мәдениетаралық және дінаралық диалогтың табысты моделі туралы, сондай-ақ Әділет министрлігінің Діни істер жөніндегі комитеті мен Мәдениет және дін мәселелері жөніндегі халықаралық орталығының жұмысы туралы әңгімелеп берді. Қазақстан елшісі сондай-ақ, біздің елімізге жаһандық конфессияаралық диалогтың орталығына айналуға мүмкіндік беріп отырған Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің съездерін өткізу жөніндегі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасына көрсеткен қолдауы мен шараға белсенді атсалысуы үшін Пәкістан Үкіметіне алғыс білдірді. Дипломат сондай-ақ, Қазақстан 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына және 2001 жылы Ислам Конференциясы ұйымына төрағалық ететін кезеңде, екі ұйымның күн тәртібіндегі басты баптардың бірі - мәдениеттер мен діндер арасындағы диалог мәселесі болатынын атап көрсетті. Осыған байланысты, ислам әлеміндегі беделді елдің бірі ретінде Пәкістан тарапына Ислам конференциясы ұйымы мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының арасындағы ынтымақтастықтың ықтимал салаларын анықтауға атсалысу туралы ұсыныс жасалды.
Соңғы жаңалықтар