Исламда дінаралық сұхбат туралы 14 ғасыр бұрын айтылған болатын - Үндістан мұсылмандары ұйымы

АСТАНА. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Исламда дінаралық сұхбат туралы 14 ғасыр бұрын айтылған болатын. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының III Съезі аясындағы «Дағдарыстар кезіндегі ынтымақ» секциясы бойынша баяндама жасаған Үндістандағы «Джамаат-у-Шабаб-е-Ислам» мұсылмандар ұйымының президенті Салман әл-Хусейн әл-Надви мәлім етті ,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, бүгінде сан алуан әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты әлем халықтары өзара жақындасып, бір-біріне қолғабыс жасап келеді. Бұл жағдай сол халықтардың арасындағы берік сенім мен дінаралық сұхбатты қажет етеді. «Ислам дінінде 14 ғасыр бұрын дінаралық сұхбат туралы айтылған болатын. Онда барлық халықтарды олардың діни көзқарасына қарамастан, бір құдайға мінажат етуді талқылауға шақыру жайында жазылған. Бұл Ислам дінінің ынтымақтастыққа ашық екендігін көрсетсе керек», -  дейді Салман әл-Хусейн әл-Надви.

Соңғы жаңалықтар