Испания АҚШ тарапынан жасалған қоқан-лоқыға жауап берді

АСТАНА. KAZINFORM — Испания үкіметі АҚШ президенті Дональд Трамптың Мадридпен сауда-саттықты толығымен тоқтату туралы қоқан-лоқысына жауап берді, деп хабарлайды агенттіктің Брюссельдегі меншікті тілшісі.

Испания отвергает торговые угрозы США
Фото: DepositPhotos

Жазбада «елде ықтимал әсерлерді азайту, зардап шеккен секторларды қолдау және жеткізу тізбегін әртараптандыру үшін қажетті ресурстар бар» делінген.

Еуропалық баспасөз Испания Еуродақтың мүшесі екенін, сондықтан Мадридті ерекшелеу әрекеті Германия, Франция және Италия сияқты басқа мүше мемлекеттермен түсініспеушілік тудыратынын жазады.

Мадридтегі ақпарат көздері «егер АҚШ Испаниямен сауда қатынастарының шарттарын өзгерткісі келсе, олар мұны жеке компаниялардың автономиясын, халықаралық құқықты және Еуропалық Одақ пен АҚШ арасындағы екіжақты келісімді сақтай отырып жасауы керек» деді.

Сондай-ақ «Испания үкіметінің міндеті — өзара құрмет пен халықаралық құқықты сақтауға негізделген елдер арасындағы еркін сауда және экономикалық ынтымақтастықты ілгерілету. Өйткені қазіргі қоғам көп мәселеден гөрі, әріқарай дамуды талап етеді және оған лайық» деп жазды.

Мадрид Иранға қарсы науқан аясында америкалық операциялар үшін Рота мен Морондағы бірлескен әскери базаларды пайдалануға рұқсат беруден бас тартқаннан кейін АҚШ пен Испания арасындағы қарым-қатынас нашарлады.

Испания мұндай әрекеттерді біржақты, заңсыз және БҰҰ Жарғысы мен екіжақты келісімге қайшы деп санады.

Премьер-Министр Педро Санчес Иранға қарсы соққыларды «негізсіз және қауіпті әскери араласу» деп атады. Бұл шиеленіске әкеліп соқтырады және тұрақсыздық тудырады. Тез арада шиеленісті азайтуға, диалог пен халықаралық құқықты құрметтеуге шақырды.

Бұған жауап ретінде Дональд Трамп 3 наурызда Ақ үйде (Германия канцлері Фридрих Мерцпен кездесуінде) Испанияны НАТО-ның «қорқынышты» және «достық» одақтасы ретінде қатаң сынға алып, оны әскери бюджеттің жеткіліксіздігімен айыптады. «Біз Испаниямен жұмыс істегіміз келмейді, барлық сауда-саттықты тоқтатқымыз келеді» деп мәлімдеді. Сондақ-ақ Қаржы министрі Скотт Бессентке «Испаниямен барлық жұмысты тоқтатуды» тапсырды.

Мадрид әлеуетті әсерлерді азайту, зардап шеккен секторларды қолдау және жеткізу тізбегін әртараптандыру үшін қажетті ресурстары бар екенін және еркін сауда мен экономикалық ынтымақтастықты жақтауды жалғастыратынын атап өтті.

Айта кетейік, Ұлыбритания АҚШ-қа Иранға қарсы өз Әуе күштерінің базаларын пайдалануға келісті.

Соңғы жаңалықтар
Референдум