Испания футболдан Еуропа чемпионаты жартылай финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында Испания құрамасы жартылай финалға берілген алғашқы жолдамаға ие болды.

Испания обыграла Германию
Фото: sports.kz

Жанкүйерлер Испания және Германия кездесуін асыға күтті. Әлемнің үздік құрамалары тартысты ойын өткізетіні белгілі еді. 

Ойын барысында құрамалар бір-бірінің қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Соған қарамастан бірінші кезеңде есепке өзгеріс енген жоқ.

Екінші кезеңде 51-минутта испаниялық Дани Ольмо есеп ашып кетті. Бұдан кейін германиялық футболшылар алға қарай ұмтылды. Дегенмен гол соғатын бірнеше мүмкіндікті мүлт жіберіп алды.

Ал 89-минутта германиялық Флориан Вирц таразы басын теңестірді.

Негізгі кезең 1:1 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. 

Ойынның 119-минутында испаниялық Микель Мерин жеңіс голын соқты.

Осылайша Испания қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, жартылай финалға берілген алғашқы жолдамаға ие болды.

Енді сағат 00.00-де тағы бір ширек финалда Португалия мен Франция құрамалары ойнайды. 

Ал 6 шілдеде Англия мен Швейцария, Нидерланд пен Түркия кездеседі.

Соңғы жаңалықтар