17:17, 07 Қыркүйек 2023 | GMT +5
Испания футболындағы дау: Дженни Эрмосо Луис Рубиалестің үстінен шағым түсірді
АСТАНА.ҚазАқпарат – Футболшы Дженни Эрмосо Испания футбол федерациясының басшысы қызметінен шеттетілген Луис Рубиалестің үстінен прокуратураға ресми шағым түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Футболшы шенеунікті әйелдер арасындағы әлем чемпионатының финалдық ойынынан кейін ернінен сүйгені үшін «сексуалдық шабуыл жасады» деп айыптап отыр
Прокуратура 28 тамыздан бастап істі тергеуге кірісті. Егер сот оның кінәсін дәлелдесе, Рубиалес ірі көлемде айыппұл төлеуі немесе 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бұған дейін ФИФА оны сот процесі аяқталғанға дейін футболға қатысты кез келген қызметтен шеттеткен болатын.
Еске салсақ, әйелдер арасындағы футболдан әлем чемпионатының финалында Испания алғаш рет жеңіске жетті.