Испания: Кумбре-Вьеха жанартауы атқылауын тоқтатты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенбі күні Испаниядағы Канар аралдарының Үкіметі он күн бойы ғалымдар күкірт диоксидінің елеулі шығарындыларын тіркемегеннен кейін Пальма аралында жанартау белсенділігінің аяқталғаны туралы жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Euronews-ке сілтеме жасап.

Испания: Кумбре-Вьеха жанартауы атқылауын тоқтатты

Кумбре-Вьеха атқылауын 13 желтоқсанда тоқтатты, көп ұзамай мамандар жанартау кратерінің ішіне үңіліп көрді.

«Вулканның белсенділігінің жоқтығына қарамастан, біз шыдамдылық танытып, ғылыми-техникалық қауіпсіздік хаттамаларына сәйкес әрекет еттік. Бүгін мен сенімді түрде айта аламын: жанартау тынышталды», - деді Канар аралдарының мемлекеттік басқару, әділет және қауіпсіздік департаментінің басшысы Хулио Перес.

Кумбре-Вьеха жанартауының атқылауы Пальма аралының тарихындағы ең ұзақ атқылау болды: 85 күн 8 сағат. Оны жергілікті тұрғындар жақын арада ұмыта қоймасы анық. Табиғи апат суару жүйелері мен жолдарды бұзып, банан екпелері мен жүзімдіктерді ойрандады. Лава мен күл ағындары 3000-ға жуық ғимаратты қиратты. 7 мыңға жуық адам эвакуацияланды, жанартау атқылауына тікелей байланысты тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ. Автономиялық қауымдастық билігі экономикалық шығынды жүздеген миллион еуроға бағалап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 50 жыл бойы тыныш жатқан Кумбре Вьеха жанартауы 19 қыркүйекте атқылауды бастаған болатын.