Испания құрамасы әлем чемпионаттарында 100-ден астам гол соқты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испания құрамасының әлем чемпионаттарында соққан голдар саны 100-ден асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Испания құрамасы әлем чемпионаттарында 100-ден астам гол соқты

Бұл әлем бойынша алтыншы көрсеткіш. Қазір команданың еншісінде 106 гол бар, әлем чемпионаттарында бұдан көп гол салғандар - Бразилия (229), Германия (227), Аргентина (138), Италия (128) және Франция (124).

Естеріңізге сала кетейік, Испания құрамасы Коста-Риканы 7:0 есебімен жеңді. Ол кездесуде «Барселонаның» шабуылшысы Ферран Торрес дубль жасады, Дани Ольмо, Асенсио, Гави, Солер және Мората бір голдан соқты.

Бұл әзірге Қатардағы әлем чемпионатында тіркелген ең ірі есеп. Осы топтағы екінші матчта күтпеген жерден Германия құрамасы Жапониядан 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Азамат Сыздықбаев


Фото: Carl Recine/Reuters