Испания мектебінде оқушы 5 адамды пышақтады

Мектепке бірнеше пышақпен келген мектеп оқушысы 5 адамды жарақаттады. ҚазАқпарат бұл туралы Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

мектепте пышақтады
Фото: Еuronews

Испанияның Херес қаласындағы мемлекеттік мектепте 14 жастағы жасөспірім пышақпен мұғалімдер мен оқушыларға шабуыл жасады. Үш мұғалім мен кәмелетке толмаған екі бала зардап шекті. Полицейлердің мәліметінше, қылмыскер оқу орнына екі пышақпен келіп, сабақ басталғаннан кейін көп ұзамай әрекетін іске асырған.

Жергілікті басылымдардың мәліметінше, жасөспірім тез арада ұсталып, полиция қамауға алған. Оқушының бұл қылмысқа баруының себебі хабарланған жоқ.

Жарақат алған 4 адам ауруханаға жатқызылды. Мұғалімдердің біріне ауыр ота жасалды, қазір өміріне қауіп жоқ.

Соңғы жаңалықтар