Испания мен Аргентина футболдан 2025 жылы Финалиссима турнирінде кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM - Испания және Аргентина құрамалары футболдан 2025 жылы Финалиссима турнирінде кездесетін болды.

Финалиссима - Еуропа чемпионаты мен Америка кубогында жеңімпаз атанған құрамалар кездесетін турнир. Бұл турнир 1985 жылы алғаш рет өткізілді. Ол уақытта Артемио Франки кубогы деп аталатын еді.
Алғашқы жылы 1985 жылы Франция құрамасы Уругвайды 2:0 есебімен тізе бүктірді.
Одан кейін 1993 жылы Аргентина Даниямен негізгі кезеңде 1:1 есебімен тең түсіп, пенальтилер сериясында 5:4 есебімен жеңді.
Финалиссима 2022 жылы Аргентина Италиядан 3:0 есебімен басым түсті.
Айта кетсек, 14 шілдеде Еуропа чемпионаты финалында Испания Англияны 2:1 есебімен жеңсе, Аргентина 15 шілдеде Америка кубогында Колумбияны қосымша кезеңде 1:0 есебімен сүріндірді.